Қазақстандық боксшылар Кубаға аттанады
Қазақстандық боксшылар Кубаға аттанады
145
оқылды

Қазақстандық боксшылар Куба астанасы - Гавана қаласында алдағы Токио Олимпиадасына дайындығын пысықтайды.

Олардың қатарында ұлттық құрамаға мүше және резервтегі былғары қолғап шеберлері бар. Соңғы ел біріншілігінде көзге түскен бірқатар жастар да аталған жиынға шақырту алған. Боксшыларды оқу-жаттығу жиынына Ғалымбек Кенжебаев, Нұрлан Ақүрпеков, Мырзағали Айтжанов және Асқар Еркебаев сынды бапкерлер бастап барады. Мамандар екі құрам бойынша спортшылар дайындығын таразылайды. Куба еліндегі жиынға Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов, Айбек, Нұрбек Оралбайлар, Саматәлі, Санатәлі Төлтаевтар және басқа да спортшылар барады. Оқу-жаттығу жиынын қаңтар айының ортасынан бастап соңына дейін созылады.