Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді
193
оқылды

Жұмысын таңғы 07.00-де бастаған учаскеге келуші сайлаушылардың қарасы өте көп екендігін байқауға болады.

Алдын ала мәлімет бойынша осы уақытқа дейін мұнда мыңға жуық сайлаушы дауыс беріп үлгеріпті. Ал кезекте тұрған адамдар қарасы әлі де көп. Бұл осы сайлау округі бойынша азаматтардың қоғамдық белсенділігі жоғары екендігін аңғартады.   [caption id="attachment_101735" align="aligncenter" width="1280"] width= ©️ Айтжан Мұрзанов[/caption] Учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған. Бақылаушылар отырған аумақ арнайы әйнекпен бөлінген. Сайлаушылар босаған тіркеу орнына фамилиялары бойынша өткізілуде. Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беру өтуде.

Сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, ADAL саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» өз кандидаттарын ұсынған.

Нұрлан ҚОСАЙ