Партиялық емес бақылау орталығы 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады – Бану Нұрғазиев
Партиялық емес бақылау орталығы 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады – Бану Нұрғазиев
198
оқылды

Бұл туралы бүгінгі брифингте Партиялық емес  бақылау орталығының жетекшісі Бану Нұрғазиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, байқаушыларды оқыту 2020 жылдың 1 желтоқсанында басталған. Бақылакшылардың оқытуға сайлауда бақылау жасауда тәжірибесі мол жаттықтырушылар тартылды.

«Біз, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы өкілдерін де тарттық. Себебі олардың түсіндірмелері қажет болды. Біздің бақылаушылар жоғары білікті. Олар сайлауға сайлау заңнамасының барлық талабын біліп келіп отыр.   Олар сайлау барысында өзін қалай ұстау керегін, өз функцияларын, сондай-ақ құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі. Біздің орталық 2020 жылдың желтоқсанынан бері 20 мыңға жуық бақылаушыны дайындады. Бүгін кейбір сайлау учаскелерінде Орталықтың екі өкілінен бақылаушы қойдық», – деді Бану Нұрғазиева.

Еске салайық, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттарға сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясы мәліметі бойынша, қазірдің өзінде елде барлық сайлау учаскелері ашылған.

Тұмар МЫРЗА