Пандемия кезінде санитарлық талаптарға айрықша көңіл бөлген – ресейлік сенатор Алексей Майоров
Пандемия кезінде санитарлық талаптарға айрықша көңіл бөлген – ресейлік сенатор Алексей Майоров
277
оқылды

Мұндағы азаматтық белсенділікті сайлау учаскелерін аралап жүрген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламент аралық ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының жетекшісі, ресейлік сенатор Алексей Майоров та атап өтіп отыр.

«Біз таңғы 07.00-де сайлау учаскелері ашылғаннан бері аралап келеміз. Ең әуелі мектепте орналасқан учаскенің ашылуына қатыстық. Одан кейін де бірнеше учаскеде болдық. Сайлау комиссиялары бұл шараға үлкен дайындықпен келгені мақтауға тұрарлық. Әсіресе, пандемияға қатысты санитарлық талаптарға қатты көңіл бөлінген екен. Бұл азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесінде өте маңызды. Ал учаскелердің жұмысына келер болсақ, әзірге ешқандай кемшіліктер тіркелген жоқ. Тек байқаушыларды ПТР тест анықтамасыз учаскеге өткізу бойынша шешім қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының бұл шешімі дұрыс деп ойлаймын. Сайлаушылар белсенділігі жоғары. Солардың ішінде Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде адамдардың нөпірі өте көп екендігін байқап отырмыз. Бұл, әрине, қуантады. Сондықтан да халықаралық байқаушы ретінде сайлауға келушілер саны жоғары болады деп санаймын», – дейді сенатор Алексей Майоров.

Халықаралық байқаушылар өздерінің Қазақстандағы сайлау бойынша есебін ертең кешке бермек. Өйткені ертең ассамблеяның отырысы өтіп, онда Парламентке бөлінген 9 мандаттың иелері анықталмақ. Халықаралық байқаушылар ол жиынға да қатысатын болады.

Нұрлан ҚОСАЙ