Қазақстан халқы ассамблеясында сайлау өтіп жатыр
Қазақстан халқы ассамблеясында сайлау өтіп жатыр
185
оқылды

Ашылу салтанатында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Өздеріңіз білетіндей, 2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде қабылданған Ата заңға Қазақстан халқы ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүддесін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған еді. Осы норма Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың халықаралық пактілер мен конвенциялары аясында Қазақстанның адам құндылықтары, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үдесіне жатады»,– деді.

Бұған дейін ассамблея атынан сайланатын депутаттар жайында жазған болатынбыз.