53 жасында келісімшарт мерзімін ұзартты
53 жасында келісімшарт мерзімін ұзартты
5,133
оқылды

Жапондық футболшы және әлемнің қазіргі кәсіби ойын­шылары арасындағы ең жасы үлкені Казуйоси Миура «Иоко­гама» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

53 жастағы жапондық футболшы Казуйоси Миураның жаңа келісімшарты 2021 жылдың маусым айының соңына дейін жасалды. – Өткен маусымда коронавирус салдарынан әлемде қиын жағдай болды. Барлық спорттық шаралар тоқтатылды. Алайда біз ұзақ үзілістен кейін болса да қайта футбол ойнауға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл мен үшін ауыр маусымның бірі болды. Бірақ менің футболға деген ұмтылысым мен құмарлығым уақыт өткен сайын арту үстінде. Жаңа маусымда командамның жеңіске жетуіне үлес қосуға бар күшімді саламын, – деді футболшы.

Әбілмансұр ЖАСАН