Нұр-Сұлтанда екі қар полигоны толып, үшіншісін ашуға тура келді
Нұр-Сұлтанда екі қар полигоны толып, үшіншісін ашуға тура келді
5,437
оқылды
Биыл қаладан өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 55% көп қар шығарылды. Қалалық әкімдікте өткен брифингте «Астана тазалық» ЖШС басшысының орынбасары Медеу Ражанов осылай деді. «Қыс басталғалы қаладан 2 млн 496 мың текше метр қар шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 55% көп», – деді М.Ражанов. Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Алматы аудандарында 4 қар полигоны жұмыс істейді. «Есіл ауданындағы екі қар полигоны толып қалып, үшіншісі ашылды. Қала бойынша 1051 қар тазалау техникасы жұмыс істеуде. Жұмыс күшейтілген түрде тәулік бойы жұмыс істеуде. Көбінесе көлік аз жүретін уақыт – түнде жұмыс істейміз. Бізге қар тиеу және қар шығару кезінде патруль полициясы жақсы көмектесіп жатыр», – деді «Астана тазалық» ЖШС басшысының орынбасары.