Зара үздік отыздыққа енді
Зара үздік отыздыққа енді
196
оқылды

13 жастағы қазақстандық теннисші Зара Дәркен  Еуропа теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде үздік 30 ойыншының қатарына кірді.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Зара 14 жастан аспағандар арасында бірден 60-сатыға көтеріліп, 30-орынға жайғасты. Мұндай нәтиже жасөспірім спортшының ЕТ (Еуропа теннисі) сериясындағы турнирлерде сәтті өнер көрсетуінің арқасында мүмкін болды. Сондай жарыстардың бірінде Зара чемпион атанса, екіншісінде финалға дейін жетті. Tennis Park Open by Head додасында ол тартысты ойында украиналық Елизавета Котлярға ғана жол берді. – Болашақта үлкен теннис турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы болғым келеді. Ерлерден Рафаэль Надальды, әйелдерден Анжелика Керберді үлгі тұтамын. Олардың ойындарын теледидардан көріп отырамын. Әрине, спортта жеңістер ғана емес, жеңілістер, көзге жас алатын кездер де болады. Тек жақсы ойнағаныңызға сенімді болсаңыз ғана сергіп қаласыз, – дейді спортшы. Ақтөбе қаласындағы теннис орталығының тәрбиеленушісі Зара Дәркен жасөспірімдер арасында үздік отыздыққа іліккен ең жас теннисшілердің бірі болып отыр.

А.ЖАСАНҰЛЫ