Сағынтаев Алматының атауына қатысты мәлімдеді
Сағынтаев Алматының атауына қатысты мәлімдеді
5,168
оқылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың атауын ауыстыру туралы сөздерге қатысты пікірін айтты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз» – деп жазды Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Олжас Сүлейменовтің Президентпен кездескені, кездесуде «Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту бастамасын Президент қолдады» деген сыңайда ақпарат тараған болатын.