«Ералаштың» авторы коронавирустан қайтыс болды
«Ералаштың» авторы коронавирустан қайтыс болды
5,150
оқылды

Борис Грачевскийдің қазасы туралы журналист Борух Горин Facebook-тағы парақшасында: «Енді Борис Грачевский арамызда жоқ. Қаралы хабар», – деп жазба жариялады.

Оның қазасы туралы досы, актер Владимир Долинский және кинотанушы Вячеслав Шмыров та жазды. Борис Грачевский коронавирусқа шалдыққан. Оны 27 желтоқсанда ауруханаға жатқызған. Екі күн өткеннен кейін  жансақтау бөліміне түскен.

«Ералаш» – 1974 жылы М. Горький атындағы балалар және жасөспірімдер фильмінің орталық киностудиясы шығарған балаларға арналған әзіл-ысқақ киножурналы.