Президент Энергетика министрін қабылдады
Президент Энергетика министрін қабылдады
327
оқылды

«Ақорданың» хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.