Боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
175
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюіне байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. «Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметі бойынша 16 қаңтарда желдің күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы уақытша шектелді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп отыруға кеңес береді.