Елбасымен жылы кездесу
Елбасымен жылы кездесу
5,204
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті.

Кездесу барысында екі жақты қатынастарды нығайтудың, Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы жайлы айтылды.

– Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біз­дің қарым-қатынасымыз өте қарқынды дамып келеді. Біз әрдайым БАӘ басшылығымен ты­ғыз байланыста болдық. Осының арқасында ел­деріміз арасындағы визасыз режим мәселесін шештік, рейстердің санын көбейттік. Бұл ту­рис­тердің артуына жол ашып, тұтастай эконо­ми­ка­лық қатынастардың кеңеюіне әсер етті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Джабер БАӘ бас­шылығы атынан Қазақстанның одан әрі табысты дамуы мен өркендеуін тілей отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Қазақстан – Орталық Азиядағы маңызды серіктестердің бірі. Біз визасыз режим туралы ке­лісімге қол жеткізуді оң бағалаймыз. Бұл кә­сіп­керлер арасындағы байланыстарды жеңіл­детуге және инвестициялық белсенділікке ықпал
етеді, – деді елші.

Сонымен қатар дипломат Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебелі шейх Фатима бинт Мұхаммед бин Заидтің гуманитарлық жобасы аясында жасалған «Бейбітшілік кілемін» табыстады.