Өскеменде қамауға алынған әйел босанды
Өскеменде қамауға алынған әйел босанды
140
оқылды
Өскемен қаласында қамауға алынған 30 жастағы әйел босанды. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүктіліктің сегізінші айында қамауға алынған әйел адам жеке камераға орналасқан. Толғақ басталған оны ауруханаға жеткізген.
«Ол аман-есен қыз туып, тергеу изоляторына қайта оралды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті заттармен қамтамасыз еттік. Қазір әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қызды күйеуіне және туыстарына беру туралы шешім қабылдады. Мекеме қызметкерлері бәрін ұйымдастырып, баланы күйеуіне тапсырды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.