Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін
Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін
5,143
оқылды

Жуырда Хабиб Нұрмагомедовпен келіссөз жүргізген UFC президенті Дана Уайт UFC ТВ-дің эфирінде оның алдағы уақытта октагонға оралуы мүмкін екенін айтты.

Кездесу барысында Нұрмагомедов ММА әлеміне қайта оралуға айтарлықтай құлшынысы жоқ екенін, өз биігін бағындырғанын айтқан. Алайда алда өтетін UFC 257 турнирінде жекпе-жекке шығатын басты қарсыластар тартысқа толы кездесу өткізсе, ол октагонға қайта шығуға ниетті. "UFC 257 турниріндегі екі кездесуді байқап көремін. Егер жігіттер тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, менің қайта оралуыма және жұдырықтасуға құлшынысымды оятса, мен жұдырықтасамын", – деді Нұрмагомедов кездесу соңында.