Президент шет елден келетін жұмыс күшін 40%-ға қысқартуды тапсырды
Президент шет елден келетін жұмыс күшін 40%-ға қысқартуды тапсырды
201
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында бірқатар маңызды мәселелер айтылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы қазақстандық ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін шетелдік және отандық жұмысшылардың экономикалық құқықтарын теңестіру мәселесін көтерді. Президент шет елден келетін жұмыс күшін 40%-ға пайызға дейін қысқартып қазақстандық жұмысшылардың санын арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиіс.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізу қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі 106 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 25 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдауы үшін арнайы квота бөлуі тиіс», – деді Қ.Тоқаев.