Шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру керек – Саясат Нұрбек
Шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру керек – Саясат Нұрбек
362
оқылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек ұсыныстар пакеті туралы айтты, –деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саясат Нұрбек қандастарға қатысты бірнеше ұсынысын жеткізді. Бірінші – шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру. Бұл қазір өте қызу талқыланып жатқан мәселе. Тағы бір ұсыныс 18 қараша күнін Ұлттық көші-қон күні деп белгілеуге қатысты.

«Жалпы, үш айдың ішінде мемлекеттік органдармен өте егжей-тегжейлі жұмыс істедік», – деді ол.

С.Нұрбектің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық аясында денсаулық сақтау саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар пакеті дайындалды.

«Қазіргі уақытта осы жұмысты нығайту керек. Денсаулық сақтау саласында әлі де тығыз байланыс орнатылмай жатыр», – деді кеңес мүшесі.