Қазақстанда тыныштықты бұзғандарға айыппұлды көбейту ұсынылды
Қазақстанда тыныштықты бұзғандарға айыппұлды көбейту ұсынылды
206
оқылды

Қазақстан тыныштық ережелерін бұзғаны үшін ойын-сауық орындары иелерінің жауапкершілігін қатаңдатуға ниетті. Осы норма бойынша Сенат депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулерді қайтарып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына төмендегідей қайта қарау ұсынылады: түнгі уақыттағы тыныштықты бұзу сағат 23.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін. Оның ішінде тұрғын үй-жайлардағы және адамдардың қалыпты тыныштығына кедергі келтіретін шулы орындар жұмысы бойынша жеке тұлғаларға 5 АЕК(12 625 теңге) мөлшерінде айыппұл, ал шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК (50 500 теңге), орта бизнес үшін 30 АЕК (75 750 теңге) мөлшерінде айыппұл, ірі кәсіпкерлік үшін – 100 АЕК (252 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастыруда. Бір жыл ішінде бірнеше рет жасалған осындай әрекет үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК (25 250 теңге), шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК (101 000 теңге), орта бизнеске – 60 АЕК (151,500 теңге), үлкен кәсіпорындарға –150 АЕК (378,750 теңге) айыппұл ұсынылуда», – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елде 1900 ойын-сауық нысандары тұрғын үйлерде орналасқан. Мысалы, 9 ай ішінде фактілер бойынша мекемелер аумағындағы заңсыз әрекеттер туралы 10,6 мың қоңырау келіп түсті, олардың ішінде 1400 қылмыстық іс қозғалып, 4,4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Депутаттардың айтуынша, елордадағы Иманов көшесіндегі мейрамхана әкімшілігі жыл бойы түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы көшедегі тағы бір кафенің әкімшілігі 10 рет жауапқа тартылды.

«Осыған байланысты біз жауапкершілікті қатаңдатуды орынды деп санаймыз», деді сенатор Андрей Лукин палатаның отырысында.