21 желтоқсан күні кей қалада оқушылар мектепке бармайтын болды.
Білім басқармасының хабарлауынша Семейде желдің ұйтқуына байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Сондай-ақ Өскеменде де қатты желдің әсерінен бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды.
Бұған дейін синоптиктер 21-23 желтоқсан аралығында Қазақстанға атлантикалық циклон келе жатқанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қар жауады. Нұр-Сұлтанда дауылды алдын ала ескерту жарияланған.