Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге қалдырылды
Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге қалдырылды
142
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) алдағы жекпе-жегі кейінге шегерілді. BoxRec таратқан мәлімет бойынша, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда АҚШ-та өтуі қажет еді. Алайда белгісіз бір себептерге байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген. Әзірге уақыты белгісіз. Айта кетсек Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда ол тұста Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына жылдан асып кетті.