СІМ орынбасары Роман Василенко қызметін ауыстырды
СІМ орынбасары Роман Василенко қызметін ауыстырды
199
оқылды

Мемлекет басшысының Өкімімен басқа да кадрлық өзгерістер орын алды.

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлап отыр.

"Василенко Роман Юрьевич Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.