Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамдағы пікірді ескеруіміз керек – Мәулен Әшімбаев
Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамдағы пікірді ескеруіміз керек – Мәулен Әшімбаев
5,363
оқылды

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың алдында тұрған негізгі мақсаттарға тоқталды. Олар – халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін бастамалар. Осыған байланысты Парламент пен Үкіметке маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Жарияланған реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Заңдар ең алдымен ұлттық мүддені қорғауы тиіс. Ал ұлттық мүдде дегеніміз – халық пен мемлекеттің мүддесі», – деді Әшімбаев.

Ол Президент реформасын іске асыру үшін нәтижелі жұмыс істеу керегіне тоқталды. «Қоғамды алаңдатқан мәселелер Парламентте талқылануы қажет. Өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуы тиіс. Сондықтан елмен етене жұмыс істеу – аса маңызды. Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамдағы пікірді ескеруіміз керек. Сенат жұмысына қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды тарту маңызды. Мұндай қадам заң шығару, қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттыратыны сөзсіз», – деді Сенат төрағасы.