Парламентте әйелдердің үлесін арттыру керек пе?
Парламентте әйелдердің үлесін арттыру керек пе?
179
оқылды

Дүниежүзінде Парламентте әйелдердің үлесі басым елдердің рейтингісі жарияланды. Көш басында Руанда, Куба, Боливия, Андорра мемлекеттері тұр.

Гендердік саясат мәселесі соңғы жылдары Қазақстан да жиі айтылып, жиі талқыланып жүр. Мәселен, осыдан он шақты жыл бұрын өткен «Қазақстан әйелдерінің саясат пен бизнестегі және әлеуметтік саладағы рөлі» атты жиында шетелдік мамандар еліміздегі әйелдерді басшылық қызметке араластыру, жоғарылату мәселесін талқылап, әлемдік тәжирибеден ұсыныстар айтқан еді.

гендер kaz.jpg

Strategykz-тің жазуынша, Қазақстан әйелдер мен ерлердің теңсіздігі жағынан 60-орында тұр. Жоғарыда аталған келелі кеңеске арнайы келіп қатысқан Baker  McKenzie  International компаниясы төрағасының орынбасары Констанца Ульмер-Айлфорта Қазақстан экономикасында әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыру туралы айтқан болатын. Тіпті, қазақ тарихындағы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әжесі мен анасын мысалға келтіріп, олардың да ұстанымы әу баста әйелдер мен ерлердің тең құқықты білім алғанын қолдағанын еске салды.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның былтыр жариялаған гендерлік теңсіздіктің жаһандық индексінде Қазақстан әйелдер мен ерлердің теңсіздігі жағынан 150 елдің ішінде 60-орында тұр. Ел экономикасының дамуына үлес қосуда әйелдер ерлермен теңесу керек. Әйелдердің ел экономикасындағы үлесінің артуы – мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің өсіміне және экономиканы диверсификациялауға мүмкіндік береді. Осы тұста  инвесторлар көзімен қарасақ, білімді, білікті, түрлі типтегі жұмысқа қабілетті тұрғындардың болуына сеп болады. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етеді. Соңғы 10 жылда Қазақстанда білім алатын барлық студенттің 57% қыздар болды. Бірақ, статистика бойынша жұмыс істейтіндердің көбі ерлер. «Самұрық-Қазына» компаниясы мен оған қарасты 20 ұйымның қызметкерлерінің басым бөлігі ер адам және әйелдердің үлесі Қазақстан парламентінде де аз болып шықты. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»  мен оның құрамындағы 20  ұйымда, тіпті Парламент пен Үкіметте де ерлер мен әйелдер арасында теңсіздік бар. Әйелдерге үйден жұмыс істеуге және жұмыс кестесін ыңғайлы қылып беру мүмкіндігін жасау керек», – деді ол.

Бұл мәселе әлі де қоғамда жиі қозғалады. Жуырда Ақтөбеге арнайы жұмыс сапарымен Сенат төрағасы Дариға Назарбаева халықпен жүздесуінде қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған еді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағамдаған Сенат төрағасы мәслихаттардың мәртебесін арттыру, рөлін одан әрі нығайту үшін Үкіметке ұсыныстар әзірленгенін айтты. Депутаттарды «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңға енгізілген түзетулермен танысып шығуға шақырды. Сол кезде Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова аймақтағы 196 депутаттың 7-уі әйел екенінен хабардар еткен. Әйелдер үлесінің тым аздығына елең еткен Сенат төрағасы әйелдердің үлесін арттыру қажет деді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Парламентінің Сенатында – 7, Мәжілісте 30 әйел депутат жұмыс істейді.