Қуат Хамитов 51 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді - видео
Қуат Хамитов 51 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді - видео
228
оқылды
Ресейдегі аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов жекпе-жек өткізді. Қуат Хамитов ресейлік файтер Максим Пантелеевпен жұдырықтасып, қарсыласын 45-ші секундта нокаутқа түсірді. Осылайша, ол мансабындағы 20-шы жеңіске жетті. Айта кетерлігі, Қуат Хамитовтың қарсыласы жекпе-жекке бір күн қалғанда ауысқан. Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өткізді. Онда жерлесіміз Ахмеджан Боковты екінші раундта жеңген болатын. https://www.youtube.com/watch?v=EbdqkUIMxvg