Ерлан Саиров: Қоғам игілігі үшін жұмыс істейміз

Ерлан Саиров: Қоғам игілігі үшін жұмыс істейміз

Nur Otan партиясынан  Мәжіліс депутаты болып сайланған саясаттанушы Ерлан Саиров қоғамдағы өзекті, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалыспақ деп хабарлайды Aikyn.kz. Жалпы, Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының құрамы 70%-ға жаңарды. Осы орайда Ерлан Саиров «Nur Otan» партиясына дауыс берген барша азаматқа алғыс білдіріп, ендігі қызметі азаматтардың нақты әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуге бағытталатынын жеткізген болатын.   Мәжілісте қарастырылып жатқан «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жаңадан сайланған депутат осыған қатысты пікір білдірді.

«Құрметті достар! "Отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ата- аналар, қоғам өкілдері, сарапшылар, әлеуметтанушылармен жан-жақты, бүге-шігесіне дейін қарастырылып, қайтадан енгізілетін болады. Жаңа шақырылымдағы Мәжілістің, "Nur-Otan" фракциясының басты мақсаты, заң актілері қолданыста ыңғайлы, ұлттық тәрбиенің дәстүріне сәйкес болуы қажет», – деп жазды Facebook-тегі парақшасында.
Ерлан Биахметұлы Саиров 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде еңбек еткен. «Мәдени даму институты» қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.