Мәскеуді қорғап қалған Қазақстан халқының алдында басымды иіп, кешірім сұраймын – Федоров
Мәскеуді қорғап қалған Қазақстан халқының алдында басымды иіп, кешірім сұраймын – Федоров
634
оқылды

Тәубесіне түскен Евгений Федоров Қазақстан халқынан бас иіп, кешірім сұрады. Қазақ халқының Ресей жерін сақтап қалудағы ерен ерлігін айтты.

«Кезінде Ресейді жаудан қорғау үшін қазақ жауынгерлері ерлік көрсеткені тарихтан белгілі. Наполеонды жеңуде де қазақтардың үлесі орасан зор. Қазақтар башқұрттармен бірге Парижді алған. Ресей халқын қаншама майданда жаудан құтқарып қалды. Сұрапыл соғыстарда жеңіске жеткізген Сіздерге көп рақмет! Екінші дүниежүзілік соғыста  28 панфиловшылар Мәскеуді қорғады. 1945 жылы Ресей жерін жаудан азат етті»,  – деді ол.

Айта кетейік, біз бұған дейін «Қазаққа ешкім ешқашан жер сыйлаған жоқ» деп жазған болатынбыз.