Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр
Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр
148
оқылды
Ресей премьер-лигасына ауысып жатқан қазақстандық футболшылардың қатары көбейіп жатыр. Абат Айымбетов пен Максим Федин ресейлік «Урал» командасы сапында сынақтан өтіп жатыр. Айымбетов Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу кезіндегі жолдастық матчта бір гол соғып үлгерді. Ал Федин әріптесіне нәтижелі пас берген. Сонымен қатар былтыр «Қайсар» қақпасын күзеткен Александр Заруцкий Туланың «Арсенал» командасымен Түркиядағы жаттығу жиынында жүр. Енді «Астана» қорғаушысы Юрий Логвиненко Волгородтың «Роторына» ауысуға жақын. Бұл клубқа бұған дейін Дмитрий Шомко мен Алексей Щеткин ауысқан еді. ⠀ Ресейде ойнап жүргендердің қатарында Бахтиёр Зайнутдинов (ЦСКА), Исламбек Қуат («Химки», Ақмал Бақтияров «Сочи») бар.