Бірқатар өңірде жол жабылды
Бірқатар өңірде жол жабылды
169
оқылды

Еліміздің бірқатар аймағында жол жабылды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

25 желтоқсан күні сағат 09:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаяу бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» (16-200 шақырым) бағыттарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 12:50-ден бастап жол көрінбейтін ақтүтек боранға байланысты «Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы» (105-123 шақырымы) бағытында жол жабылды.

25 желтоқсан сағат 11:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда – Павлодар» (1206-1135 шақырымы) бағыттарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

ТЖ комитеті азаматтарға ауа райы өзгерістерін бақылауда ұстап, қолайсыз ауа райында алысқа жолға шықпау жөнінде кеңес береді.