Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болмақ
Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болмақ
5,200
оқылды
Биыл қазақ файтер Шавкат Рахмонов үшін жетістік мол болады. Аllaccessmma.com порталының шолушысы Роб Бартл айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. "Меніңше, биыл Шавкат Рахмонов дивизиондағы ең мықты проспект атана алады. Ол UFC дәмін сезді, енді бәрін таңдандыруға дайын. M-1 Global промоушеніндегі тәжірибе жақсы мектеп болды. UFC-ге жол ұзақ болды, бірақ, Алекс Оливейрамен жекпе-жек былтырғы жеңістердің ең үздіктерінің бірі. Бұл көрсеткіш бойынша ол Хабиб Нурмагомедовке ғана есе жіберіп тұр. Ол нокаутпен жеңгенді қалайды, бірақ-ақ рет үшінші раундқа дейін жеткізген. Осындай тамаша жекпе-жектерін 2021 жылы да жалғастырады деп сенемін",– дейді Р. Бартл.

Еске салайық, БАӘ-дегі «Жекпе-жектер аралында» өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, оны мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық файтер ММА-де 13-рет жеңіске жетті.