Қуат Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты
Қуат Хамитов сотта тоқетер сөзін айтты
170
оқылды

«...Мен үшін ең бастысы, қандай жаза берсеңіздер де, бәрібір. Тек маған қажет кезде ерік берулеріңізді сұраймын. Яғни, шетелге шығуыма, жарысқа қатысуыма мүмкіндік болуы керек», – деді Қуат Хамитов.

Сот шешімі бүгін шығады. Қуат Хамитовқа Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 3-бөлігі (мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және тәртіпсіздіктер немесе жаппай арандатуға шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) бойынша айып тағылды.

Бұған дейін сот процесі кейінге қалдырылғанын жазған болатынбыз.