Нұр-Сұлтанда жаңадан салынып жатқан үйден құрылысшының мәйіті табылды
Нұр-Сұлтанда жаңадан салынып жатқан үйден құрылысшының мәйіті табылды
201
оқылды
Құрылысшы жоғарғы қабатта жұмыс істеп жатқан кезде құрылыс материалы сынып кетіп, жерге құлаған. Марқұмның туыстары бұған құрылыс алаңында техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болғанын айтады. Қайғылы жағдай түскі 11-12-лер  шамасында болған. Құрылысшы сол сәтте жоғарғы қабатта жұмыс істеп жатыпты, – деп хабарлады Астана телеарнасы. Кенеттен құрылыс материалы сынып, жерге құлап түскен. Марқұм тілге келместен, жан тапсырған. Суық хабарды естіген бойда оқиға орнына дереу жеткен марқұмның ағасы құрылыс алаңында жұмыс істейтін бірде-бір адам болмағанын айтады. Ол жұмыста техникалық қауіпсіздік сақталмағанына ашулы. "Апалкамен бірге құлаған. Соған ілініп тұрған дейді, өзім көрген жоқпын. Ешқандай қауіпсіздік сақталмаған. Ол бірінші қабатты жұмыс істейтін бала ғой. Үстіне  шығу үшін корточкасы болуы керек екен. Қауіпсіздік сақталған, ремень болған дейді. Ол ременьді құлағаннан кейін де іле салуға болады", дейді марқұмның ағасы Сәби Қуанышбаев. Көз жұмған  азамат отбасының асыраушысы, үйінің үлкені екен. Құрылыстың мердігері  – "Мейірім" компаниясы. Директордың орынбасары  құзырлы орган өкілдері кінәлі деп тапса,  өз мойнына алуға дайын екенін жеткізді. үкіл мәселені заң тұрғысынан шешсін. Қарайық, қазір зерттеулер жүргізіліп жатыр. Өйткені, заң бойынша тергеу комитеті қандай үкім шығарады, сол үкім бойынша жауап беруге дайынбыз", деді мердігер компания басшысының орынбасары Ерлан Әлиев. Қалалық құзырлы орган өкілдері қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетіпті. Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=59IM73NsHig&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%2FAstanaTV