Карантин 15 ақпанға дейін ұзартылды
Карантин 15 ақпанға дейін ұзартылды
5,138
оқылды
Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен қала аумағындағы коронавирусқа байланысты шектеу шаралары 15 ақпанға дейін ұзартылды. Байқоңырда карантин 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін белгіленген болатын. Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешені аймақтық басқармасының таратқан мәліметіне сәйкес, жаңа жыл мерекесіндегі демалыс күндері, яғни 2020 жылдың 26 желтоқсаны мен 2021 жылдың 15 қаңтары аралығында коронавирусты 38 қала тұрғыны жұқтырып алған. Тіркелген оқиғалардың жалпы саны 1 124 адамнан 1 162 адамға дейін өсті. Жедел штаб тұрғындарға ғимараттардың ішінде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтық, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны сақтауды ескертеді.