Үшарал-Достық жолында қалған 15 жүк көлігі мен жолаушылар құтқарылды
Үшарал-Достық жолында қалған 15 жүк көлігі мен жолаушылар құтқарылды
187
оқылды
Республикалық Үшарал-Достық жолында қалған 15 жүк көлігі мен оның жолаушылары құтқарылды.  Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда қалған көліктер Достық бекетінен шығып Үшаралға қарай бара жатқан.
«Олар жол жабылмай тұрып, шығып кеткен. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 29 қаңтар күні сағат 22:30 Үшарал- Достық бағытындағы трасса жабылды, онда барлық көлік түріне жүруге болмайды. Бүгін 30 қаңтар күні жолда қалған 15 жүк көлігі және көлік салонындағы 20 адам қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», –  делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство өкілдері жүргізушілерге жолға шықпас ауа райы болжамымен танысуды және жолда қалған жағдайда 112 номеріне қоңырау шалу керегін ескертеді.