Атырау облысында оқушылар мектепке барып оқитын болды
Атырау облысында оқушылар мектепке барып оқитын болды
190
оқылды
Атырау облысында оқушылардың бір бөлігі мектепке барып оқитын болды.
Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық  дәрігері аймақтағы карантин туралы қаулыға мынадай өзгерістер енгізді:
  • дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы  28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының 10 тарауындағы талаптарды сақтаған кезде оқытуға рұқсат етілсін;
  • жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін;
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін;
  • бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70% - ын штаттық режимде, 30% - ын қашықтан оқытуға рұқсат етілсін;
  • «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының 10 тарауындағы талаптарды сақтаған кезде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының  І курс  студенттерін  штаттық режимде оқытуға рұқсат етілсін;
Қаулы 2021 жылғы 1 ақпаннан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енбек.