Түркістан облысында милионнан астам адамға екпе салынады
Түркістан облысында милионнан астам адамға екпе салынады
5,291
оқылды
Түркістан облысында вакциналауға дайындық шаралары қызу жүргізілуде. Ең бірінші кезекте 1300-ге жуық адамға «Спутник V» екпесі салынады. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып – жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және жалпы қызыл аймақта жұмыс істейтін мамандар алады. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге вакциналар кезең-кезеңімен жеткізіледі.  Аймақ бойынша бір миллионнан астам адамға екпе салу жоспарланып отыр. – Түркістан облысы вакцинация жасауға дайынбыз. Біздің облыста қазір екі үлкен мұздатқыш камера бар. Қосымша 15 ақпанға дейін тағы екі үлкен мұздатқыш камера жеткізіледі, – деді  облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пәшімов.