Елімізде фристайлдан әлем чемпионаты өтеді
Елімізде фристайлдан әлем чемпионаты өтеді
145
оқылды
Алматыда фристайл могул мен фристайл акробатикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығына жоспарланған FIS әлем кубогінің финалдық кезеңіне (13-14 наурыз 2021 ж.) қосымша ретінде фристайлдың могул және акробатика санаты бойынша әлем чемпионатын (8-11 наурыз 2021 жыл) Қазақстан Республикасының аймағында, атап айтқанда, Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында қабылдау туралы хат жіберді. Канаданың Калгари аймағы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдай алмайтын болғандықтан, Қазақстан қысқа мерзімде ұсынысты қабылдады. «Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу – бұл шынымен де тарихи оқиға. Біз FIS-ті біздің мемлекетке ұйымдастырушы ретінде ұсынғанына қуаныштымыз. Әрине, ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүрген Қазақстан могулистері мен акробаттары мұндай құрметке лайықты. Біздің басты міндетіміз – әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырумен қатар турнирге қатысушылар үшін де қала тұрғындары үшін де қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету",– деді Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті Диас Сүлейменов.