Президент бірнеше заңға қол қойды
Президент бірнеше заңға қол қойды
269
оқылды

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақ Орда. Мемлекет басшысы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы"Заңдарға қол қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра, әкімшілік-аумақтық құрылыс, міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бюджетаралық қатынастар, кредит беру, білім беру, оңалту және банкроттық рәсімдері, бюджет, салық заңнамасы және темір жол көлігі туралы заңнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды да бекітті.