Жарақат алған Жәнібек Әлімханұлы Алматыда өтетін жарысқа қатыспайтын болды
Жарақат алған Жәнібек Әлімханұлы Алматыда өтетін жарысқа қатыспайтын болды
181
оқылды

Бұл туралы Sports.kz жазды.

Жәнібек Әлімханұлы жаттығу кезінде жарақат алды. Сол себепті, Алматыдағы жарысқа қатыса алмайды. Ол рингке жазға қарай оралуы мүмкін.

Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығып жүр. Бұған дейін оның соққысы "Жыл нокауты" атанғанын жазған болатынбыз.