Бір күнде пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейіп кетті
Сoronavirus2020.kz-тің мәліметінше, Қазақстанда 3 ақпанда коронавирус белгісі бар пневмонияға 71 адамның шалдыққаны анықталды.
Аурудан 6 адам қайтыс болған.
Пневмониядан 201 адам емделіп шықты. Жалпы 1 тамыздан бастап 48 158 адам ауырған. 579 науқас қайтыс болған.
Жазылып шыққандардың саны 36 683-ке жетті.