Садриддин Ахмедов өткен аптада үш титулға WBC Francophone, WBA Continental және NABF белбеуіне қол жеткізді. Ол Нидерланд боксшысы Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.
«Садриддин WBC рейтингінде он сатыға көтерілді. Стивен Даньоны керемет жеңгеннен кейін ол 17-орында көтерілді, енді ТОР 15 пен үлкен жекпе-жекке өте жақын. Алға биік мақсаттар қойыңыз және оларға қол жеткізгенше тоқтамаңыз!» - деп жазады Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясының Instagram парақшасы.
Садриддин Ахмедов WBC жаңартылған рейтингінде бірден он сатыға көтерілді
![Садриддин Ахмедов WBC жаңартылған рейтингінде бірден он сатыға көтерілді](https://aikyn.kz/public/index.php/upload/media/posts/2021/03/google_aikyn-1200.jpg)