Ауа райына байланысты Қарағанды облысында барлық жол жабылды
Ауа райына байланысты Қарағанды облысында барлық жол жабылды
145
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысының автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сәйкес, көктайғақ пен жаяу бұрқасынға байланысты 7 ақпан, сағат 00.07-ден бастап көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы жолдар қозғалыс үшін жабылды», –  делінген Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.