Қазақстандық теннисші Александр Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды
150
оқылды
Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен болған  сында Анталия 2 челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. ҚТФ баспасөз қызметі мәліметінше, қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй - Алекс Лоусонмен бас жүлдені сарапқа салды. Бұдан бұрын Анталияда өткен дәл осындай жарыста А.Недовесов пен Д.Молчанов жұбы чемпион атанған болатын. Сол доданың бастапқы кездесуінде олар америкалық жұпты екі сетте ұтқан еді. Бұл жолы бірінші партияда тоғызыншы геймде Недовесов пен Молчанов брейк жасай алды - 6:4. Екінші сетте қарсыластар брейкпен алмасып, кездесу тағдыры тай-брейкте қазақстандық-украиналық жұптың пайдасына шешілді - 7:6 (7:2). Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. Осылайша Недовесов пен Молчанов Анталияда қатарынан екі турнирде жеңімпаз атанды. Бұл қазақстандық теннисшінің челленджер жарыстарындағы 17-інші жеңісі.