Ұтыс ойынын ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді
Ұтыс ойынын ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді
195
оқылды
Елордада гүл сататын дүкеннің ашылу құрметіне орай ұтыс ойынын ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді.
«Полиция қызметкерлерінің талабымен іс-шара тоқтатылды. Жағдай тұрақталып, жиналған тұрғындар үйлеріне тарап кетті. Іс-шараны ұйымдастырғандар мән-жайды анықтау үшін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді», – деді Полиция департаментінен.
Мониторинг тобы елордада 2 мыңнан астам адам жиналғанын, дүкеннің ашылу құрметіне ұтыс ойыны өткізілгенін анықтаған еді.