"Астана" армениялық ойыншыны сатып алатын болды
"Астана" армениялық ойыншыны сатып алатын болды
143
оқылды
2021 жылы "Астана" клубының жаңа мүшесі "Тамбовтың" 28 жастағы қорғаушысы Вараздат Ароян болады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Вараздат Ароян - тәжірибелі футболист, ресейлік премьер-лигада "Урал" және "Тамбовтың" құрамында 60-тан аса матчқа қатысқан.  Ароян Армения құрамасы үшін 55 матчта ойнаған, команданың вице-капитаны. Transfermarkt мәліметінше, футболистің трансферлік құны 800 мың еуро. Бұған дейін Ароян "Таразға" ауысатыны хабарланған болатын.