Қазақ боксшыларының WBC рейтингіндегі орны қандай?
Қазақ боксшыларының WBC рейтингіндегі орны қандай?
164
оқылды
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады. Қазақстан боксшыларының рейтингідегі орындары:
  • Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 37-орынға орналасты;

  • Екінші орта дивизионда Айдос Ербосынұлы 12-інші, Әли Ахмедов 23-орында;

  • Орта категорияда өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы 5-тен 6-позицияға түсіп қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 17-ден 15-ке көтерілді;

  • Бірінші орта салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет 25-орыннан 27-ке ығысты. Садриддин Ахмедовтің 27-позициядан бірден 17-ге көтерілді;

  • Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 23-орында қалды;

  • Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев бір жолға көтеріліп, 8-інші орынға жайғасты;

  • Екінші жартылай жеңіл салмақ дивизионындағы Сұлтан Зәуірбек екі орынға жоғарылап, рейтингіде 37-інші орында.