Иранда генерал Сулейманиді жерлеу кейінге қалды
Иранда генерал Сулейманиді жерлеу кейінге қалды
5,172
оқылды
Иранда генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі кезінде 50-ден астам адам қаза болды, 200-ден астамы зардап шекті, – деп хабарлайды РИА Новости. Бұған дейін қоштасу рәсіміне адам тым көп жиналғандықтан, 40 адамның көз жұмғаны және 213 тұрғынның зардап шеккені айтылған. «Қаза болғандардың саны 50 адамнан асты, олардың көпшілігі ер адамдар», - деді Керман аймағының сот медицинасы ұйымының басшысы Аббас Амиян. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, генералмен қоштасқысы келетіндердің көптігіне байланысты оны жерлеу кейінге қалдырылған. 3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Абу Махди аль-Мухандисті өлтірді. Вашингтонның мәлімдеуінше, олар өткен жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырды. Иранның Жоғары көшбасшысы Али Хаменеи Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаруға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға шабуыл жасалса, Ирандағы 52 нысанға соққы жасалатынын мәлімдеді. Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды ұстамдылық танытуға үндеп жатыр.