Ғарыш саласындағы жобалар үміт күттіреді
Ғарыш саласындағы жобалар үміт күттіреді
349
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым Жомарт Тоқаев қазақ­стан­дықтардың және жеке өзінің атынан Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды Біріккен Араб Әмір­ліктерінің ғарышты игеру сала­сындағы орасан зор жетістігімен құттықтап, жеделхат жолдады. Президент жеделхатында был­тыр шілде айында Марсты зерт­теуге жіберілген «Әл-Амал» спу­т­нигінің планета орбитасына енуі Әмір­ліктердің ғарышты игеруші үз­дік мемлекеттер қатарына кір­ге­нін және әлемдік табысқа қол жет­кізгенін дәлелдейтінін атап өткен. «Ислам және араб әлеміндегі саяси, эко­номика­лық негізі берік қалыптасқан, өңірлік және жа­һан­дық тұрғыдан көшбас­шылығы кеңі­нен мойын­дал­ған еліңіз Сіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын одан әрі жалғастыруына, мерейінің әрқа­шан үстем болуына тілектеспін. Осы тұста әлемге әй­гілі «Байқоңыр» ғарыш ай­лағын­дағы Қазақстан мен Әмірліктердің ғарыш саласына қатысты бір­лескен бағдарламасының да бо­лашақта нәтижелі боларына сенім біл­діремін. Сіздің еліңізбен осы бағытта күш-жігер жұмылдыруға және ғылыми зерттеулер жүргізуге әрдайым дайын екенімізді нақ­тылаймын», – делінген жедел­хатта.