Апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ – ресми мәлімет
Апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ – ресми мәлімет
193
оқылды

Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ.

Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр», — деді Айбек Смадияров.

Ресми мәліметке қарағанда, бүгінгі таңда Иранда Қазақстанның 174 азаматы тіркелген.