Ирандағы әуе апатына байланысты Қазақстан әуе бағыттарын өзгертеді
Ирандағы әуе апатына байланысты Қазақстан әуе бағыттарын өзгертеді
148
оқылды

«Эйр Астана» Иранда ұшақ апатына байланысты бағыттарды өзгертеді, – деп хабарлайды Tengritravel.kz авиакомпанияға сілтеме жасап.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Ирак пен Иранның әуе кеңістігінен тыс, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға бағытты өзгерту туралы шешім қабылдады.

 

Бұл жағдайда ұшу уақыты келесідей ұзарады:

 Алматы – Дубай 20 минут,

 Дубай – Алматы 10 минут,

 Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минут,

 Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минут.

 «Эйр Астана» әуекомпания оқиғаларды мұқият қадағалап, одан әрі өзгерістер орын алса, халықты хабардар етеді. Жолаушылардан рейстер кестесін airastana.com сайтында немесе Брондау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан) телефондары арқылы, сондай-ақ +7 702 702 4477 нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз», – деді әуе компаниясы. .

Бұған дейін осындай шешім SCAT-та жарияланған болатын.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, 8 қаңтар күні таңертең Иран мен Таяу Шығысқа ұшуға тыйым салынбаған. Нақтырақ хабарлама дайындалу үстінде.

Айта кетейік, бүгін таңертең украиналық Боинг 737 Тегеран әуежайында құлады. Бортта бірде-бір қазақстандық болған жоқ. Ирандық IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бортта 170 жолаушы болған.