Халықтың қаржысын депозитке салып пайда тапқан бас мүфти қызметінен кетті
Халықтың қаржысын депозитке салып пайда тапқан бас мүфти қызметінен кетті
230
оқылды

Бұл туралы Atameken Business-тің Telegram каналында жарияланды.

Дереккөздің хабарлауынша, Қырғызстанның бас мүфтиі Мақсат Тоқтамышев тұтқындалды. Тергеу мәліметтері бойынша ол өзіне сеніп тапсырылған қаражатты талан-таражға салған. Нақтырақ айтсақ, жиналған ақшаны қаржы ұйымына депозитке салып, үстінен түскен пайызды өз пайдасына жаратып келген.   [caption id="attachment_110588" align="aligncenter" width="1386"]Қырғызстан, бас мүфти, Мақсат Тоқтамышев, депозит Фото: Интернеттен алынды[/caption] Оның көлемі теңгеге шаққанда шамамен 200 миллиондай екен. Ал бұл қаражатты қасиетті Меккеге барып, мұсылмандық парызын өтегісі келетіндер жинаған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Ол 2014 жылдан бері бас мүфти болған.